Кешегі сенбіде Қамбаш көлінің жағасында БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық турнир болып өтті. Жағажайдағы тартысты доп додасына Сыр журналистикасының кәсіби мамандары мен осы салада еңбек ететін азаматтар қатысты. Естеріңізде болса, маусымның 28-жұлдызында еліміз бойынша Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өткен болатын. Көл жағасындағы турнир – соның лайықты жалғасы. Бұл туралы Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорттық іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов, «Сыр медиа» ЖШС-ның бас директоры М.Аралбаев сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапаттады.
Сонымен тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «Меншікті тілшілер» командасы иеленсе, ІІ орын «Қызылорда» телеарнасы» командасына бұйырды. Ал ІІІ орынға «Сыр медиа» командасы лайық деп танылды. Осы турнирге белсене қатысқаны үшін «Толқын» газеті» командасы ынталандыру сыйлығына ие болды.
Турнир барысында ерекше ойынымен көзге түсіп, жарысты тартысты ете түскен ойыншыларға түрлі номинация табысталды.
Осылайша жағжайдағы шағын футбол журналистердің достық байланысын нығайта түсті. Жарыс жеңімпаздарына арнайы марапаттар табысталып, командаларға сертификаттар берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!