Осы күндері елордамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен әлемдік ауқымдағы айрықша маңызды іс-шара – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Сарыарқаның сайын даласындағы ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі додаға Сыр өңірінен де спортшыларымыз аттанған болатын. Бүгін төрткүл дүние көз тіккен байрақты бәсекеден ақжолтай хабар жетті. Жерлесіміз БОСТАНДЫҚОВ БЕКСҰЛТАН тоғызқұмалақтан сынға түсіп, чемпион атанды.
Жеңіске деген жігерін жанып, әлем назарындағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік нәтиже көрсеткен Сыр спортшысын айтулы жеңісімен құттықтаймын.
Ақыл-ойдың аламан бәйгесінде бар өнерін ортаға салған Бексұлтан ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, елдің артқан үмітін ақтай білді.
Бексұлтанның жеңісті жолы ұлттың ұлы үмітін арқалаған қыз-жігіттерге жұғысты болғай.
Күллі әлем жұртына нағыз көшпенділердің болмысын танытқан, Мемлекет басшысы Көшпенділер олимпиадасы деп атаған сайыста барша спортшыларымызға сәттілік тілеймін. Алға Қазақстан!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!