Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Стадионға кіруге тыйым салынады

13.04.2020, 23:16 548

HALYQLINE.KZ –| Италияда футбол көрермендері келесі жылдың 31 қаңтарына дейін стадионға кіре алмауы мүмкін. Бұл туралы Qsport.kz порталы хабарлайды.


Бұл туралы La Gazzetta dello Sport басылымы жазды. COVID-19 пандемиясына байланысты Италияда карантин мерзімі 3 мамырға дейін ұзартылды. Футбол командалары 4 мамырда жаттығуға кірісуі керек. Ал футбол маусымын 31 мамырда қайта жалғастыру жоспарланып отыр. Егер бәрі жоспардағыдай болса, барлық ойында да көрермендерге арналған орындықтар бос тұрады.

Италия үкіметі келесі жылдың қаңтарына дейін футбол жанкүйерлеріне стадионға кіруге тыйым салуы мүмкін. BeIN Sports журналисі Танкреди Палмеридің айтуынша, коронавирустың таралуын бақылауға арналған кей шаралар кешенінде осындай нұсқа бар. Кейін инсайдер бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын тағы алға тартты.

  • Әзірге бұл жай жоспар, барлығы қалай болатынын ешкім білмейді. Үкімет осы сценарий бойынша жұмыс істеп жатыр және Италияда футболды жандандырудың жалғыз мүмкіндігі ойындарды 2021 жылдың қаңтарына дейін көрермендерсіз өткізу деп санайды, – деді ол.

Апеннин түбегіндегілердің пікірінше, пандемия эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде де ауыр зардаптарға әкеледі. Осыған байланысты жанкүйерлердің стадионға кіруіне тыйым салу жайы қарастырылуда.

Айта кетейік, бір ай бұрын Италияда коронавирус пандемиясына байланысты барлық спорттық шара уақытша тоқтатылған болатын. Маусымның қайта басталуы лигалар мен клубтар үшін экономикалық маңызды. Аудиторлардың болжамы бойынша, егер маусым мерзімінен бұрын аяқталса, жоғарғы лигалар кем дегенде 4 миллиард еуро жоғалтады. Яғни, бұл жағдайда ойындарға жанкүйерлердің келу-келмеуі маңызды емес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: