Спортшылардың сөзі – тек жарыстағы стратегияны емес, өмірдің қиын сәттерін жеңуге көмектесетін мотивация көзі. Төменде әлемге танымал спортшылардың шабытқа толы қанатты сөздерін ұсынамыз.
1. «Егер өзіңе сенбесең, ешқашан чемпион болмайсың». – Мохаммед Әли.
2. «Күшті болғаның маңызды емес, дұрыс сәтте қалай әрекет ететінің маңызды». – Жорж Сен-Пьер.
3. «Әр қадам мені жеңіске жақындатады». – Элиуд Кипчоге.
4. «Менің табысым – бұл күн сайынғы еңбек пен шыдамдылықтың жемісі». – Криштиану Роналду.
5. «Қиын сәтте шыдамдылық танытқан адам ғана биікке көтеріледі». – Майк Тайсон.
6. «Жеңіске жету үшін талант жеткіліксіз. Әрқашан көп жұмыс істеу керек». – Златан Ибрагимович.
7. «Жаттығуда қанша тер төксең, ойын кезінде сонша жеңіл болады». – Пеле.
8. «Мен жеңіс үшін күресемін, бірақ бұл жолдағы ең үлкен жетістік – өзіңді жеңу». – Хабиб Нурмагомедов.
9. «Өмірдегі ең маңызды жарыс – өзіңмен болған жарыс». – Рафал Надаль.
10. «Мен ешқашан жеңілмеймін, не жеңіске жетемін, не жаңа бірнәрсені үйренемін». – Конор МакГрегор.
11. «Сәтсіздік – уақытша құбылыс. Тек оған берілу арқылы ғана жеңілесің». – Майкл Джордан.
12. «Мүмкін емес ештеңе жоқ, тек сенің мақсаттарың қаншалықты үлкен екенін анықтау керек». – Усэйн Болт.
13. «Табандылық пен еңбек – кез келген жеңістің кілті». – Серена Уильямс.
14. «Жаттығуларды жек көрсең де, жеңісті жақсы көр». – Джо Фрейзер.
15. «Жеңіс – мақсатқа жету жолындағы жанкештілік». – Лионель Месси.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!