Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спортпен шұғылданушылар саны артты

11.01.2021, 14:45 696

HALYQLINE.KZ Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
2020 жылғы атқарылған жұмыстар және Сыр спортшыларының жетістігі жайлы баспасөз-конференциясын өткізді.

Өңірімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 31,3 пайызға көтеріліп, 254 101 адамға жетіп отыр.

Коронавирус пандемиясы кезеңіндегі уақытша шектеулерге қарамастан спорттық нысандар жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

​ Бұл ретте, «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында спорт саласы бойынша 22 жоба жүзеге асты.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы байдарка және каноэ есу базасының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қала және аудандарда 8​ жаттығу және стритбол алаңдары пайдалануға берілді.

2018-2019 жылдары облыста 16 спорт кешені пайдалануға берілсе, 2020 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған 12 жобаның бесеуі іске қосылып, 55 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Кешендерде ашылған 60 спорт секциясына 720 бала тартылды. Қалған 7-еуі ​ 2021 жылы пайдалануға берілуі жоспарлануда.

ҚР теннис федерациясының қолдауымен «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кортының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 353 медальді жеңіп алса, Азия чемпионаттарында 25 медальға қол жеткізді, 670 спортшы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.

2021 жылы Токио қаласында (Жапония) өтетін Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Дәулет Ниязбеков пен Қамшыбек Қоңқабаев жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: