Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы жанкүйерлеріне жаңа логотипін таныстырды. Бұл туралы клубтың Instagram-дағы парақшасында ақпарат таратылды.
Клуб өкілдерінің хабарлауынша, логотипті жасау кезінде Қарағанды өңірінің барлық ерекшелігі мен дәстүрі ескерілді.
Негізгі эмблема Қарағандының символы саналатын террикондарды бейнелейтін геральдикалық қалқан түрінде жасалған. Қалқанның ортасында Football Club және Qaragandy мәтінімен қоршалған 1958 жылғы тарихи доп орналасқан. Олардың артында тау-кен ісінің негізі және кеншілердің тарихи құралы – екі қиылысқан қайла бар. Орталық композицияның артында клуб түсіндегідей классикалық тік жолақтар орналасқан. Логотиптің ең жоғарғы бөлігінде клубтың атауы жазылған.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!