Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сегіз жастағы қазақ баласы Латвияның экс-министрін шахматтан жеңді

29.12.2022, 16:25 339

HALYQLINE.KZ Елорданың сегіз жасар тұрғыны Кәрім Айтжан Алматыда блиц пен рапидтен өткен әлем чемпионатында гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озолдан басым түсті, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Латвияның экс-экономика министрі және қаржы министрі, ал қазір FIDE басқарушы директоры Алматы және Астананың шахмат академияларының 24 оқушысымен бір мезгілде ойын сеансын өткізді. Азия чемпионатының қазіргі күміс жүлдегері 8 жасқа дейін гроссмейстер ұзағырақ қарсыласып, ақыр соңында жеңіп кетті.

Кәрім Астанада дүниеге келген. Қазір ол Қ. Сәтбаев атындағы BINOM мектебінің 3-сыныбында оқиды. Мұғалімдерінің айтуынша, оқуда озат, жылдам ойлап, тез байқай біледі және есте сақтау қабілеті де ерекше. Сол сияқты жан-жақты қызығушылығы, тапсырмаларды шешуге деген жылдам қабілеті де бар. 8 жасар гроссмейстер тарихқа, географияға және футболға ерекше қызығады, ал шахматпен бес жасынан бастап шұғылданыпты.

– «Шахмат ойнау өзіме қатты ұнайды. Қарсыласымды жеңу қолымнан келді, өйткені ол бастапқыда-ақ фигурасын беріп қойған еді. Осыдан кейін ұзағырақ ойланып, әрбір қимылымды санап бастым. Әрине, оның шабуылына қарсы тұра аламын ба деп уайымдағаным рас. Бірақ қарсы тұра біліп, эндшпильге көштім. Өзімде екі пешка аз болса да қарсыласымның пешкасын, артынша пілін жеңіп алдым. Сол кезде барып жеңілгеннен басқа амалы қалмағанын білді. Өзімнің жеңісіме сондай қуаныштымын», – деп Кәрім алған әсерімен бөлісті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: