Атырау қаласында тоғызқұмалақтан өткен ерлер арасындағы ҚР командалық чемпионатында облыс құрамасы жүлделі 3-орынды иеленді.
Команда құрамында Бексұлтан Бостандықов, Ермұхаммед Əлайдар, Дамир Ахметов, Сəбит Шүленбаев, Ерасыл Пернебаев жəне Хəкімжан Елеусіновтер болды.
Енді облыс құрамасы 15-21 ақпан аралығында Тараз қаласында əйелдер арасында өтетін ел чемпионатына қатысады.
Содан кейін облыс тоғызқұмалақшылары 1-7 наурыз аралығында Қызылорда қаласында өтетін мемлекет жəне қоғам қайраткері Н.Ергешбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогына дайындалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!