Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицей — бокстан қола жүлдегер

22.10.2025, 11:45 134

Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы бокстан чемпионатында Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері, полиция аға лейтенанты Рахманов Оңталап Мұханбетжанұлы 90 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Қиындығы мол полиция қызметін спортпен үйлестіріп, ел намысын абыроймен қорғаған Оңталап Мұханбетжанұлы – жастарға нағыз үлгі. Ол Арал ауданында дүниеге келген. Оңталап Мұханбетжанұлы 2015 жылы №262 мектеп-гимназияны бітіріп, 2023 жылы Ішкі істер органдарына қабылданған. Үйленген, бір ұл тәрбиелеуде. Бүгінде жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамында қызмет атқарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: