Тараз қаласында айтыс ақындары арасында кіші футболдан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарыста Қырғыз елінің және еліміздің жыр жампоздарынан құралған 7 команда бақ сынады. Олардың ішінде қызылордалық «Ақмешіт» командасы да бар.
«Тараз-Аренада» бірнеше сағатқа созылған турнир нәтижесінде үшінші орынды Қызылорда құрамасы иеленді. Екінші орынға Түркістан командасы лайық деп танылса, бірінші орын Қарағанды облысының ақындарының қанжығасында кетті.
Қызылордалық құраманың сапында Мұхтар Ниязов, Ержеңіс Әбдиев, Алмат Қойбағаров, Сырым Әділбеков, Бекжан Ержігіт, Бексұлтан Орынбасаров секілді айтыс ақындары болды.
Жалпы, бұл қызылордалық ақындардың алғашқы жарысы емес. Бұған дейін сырбойылық шайырлар Түркістан, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, т.б. қалаларда өткен жарыстарға қатысып, жеңімпаздар қатарынан да көрінген болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!