HALYQLINE.KZ Облыс орталығында ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі өтті. Бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу мақсатында қолға алынған фестиваль қалалық мәдени және демалыс паркінде ұйымдастырылды. Спорттық шарада бақ сынауға 300-ден астам қызылордалық ниет білдірген.
3 санат бойынша белтемірге тартылып, күшін сынағандар 3 млн теңгенің жүлде қорын сарапқа салды. Сайыс қорытындысы бойынша 27 қатысушы жүлделі орындарды еншіледі. Оның ішінде, 29 жасар Ақберен Қуандықов 40 мәрте турникте тартылып, турнирдің чемпионы атанса, 25 жастағы Елжан Менлибаев пен «жасөспірімдер» санаттағы Родион Цой әрқайсысы 38 ұпайдан жинады.
Сайыстың ең үлкен қатысушысы ретінде 75 жастағы Алекстандр Ким, ең жас қатысушы болып 6 жасар Жандәулет Бағдатұлы көптің есінде қалды. Екеуі де белтемірге 15 рет тартылды. 27 жүлдегер 8 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд финалда өңірдің намысын қорғайды. Мұнан бөлек, фестиваль аясында тұрғындар мен қала қонақтары эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтің концертін тамашалады.
Еске салсақ, «Tartyl Fest» турникке тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын. Бұған дейін фестиваль Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларында жалғасын тапты.
Айта кетсек, фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында өткізіледі. еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деген жоспар бар.
Гранд-финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге. Ал, финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!