HALYQLINE.KZ 2022 жылдың 23-31 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен тоғызқұмалақтан ҚР жастар арасындағы жекелей чемпионатының жабылу салтанатында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мақсат Раманқұлов 2021 жылдың үздіктерін марапаттады.
Қызылорда облысы «Үздік облыс» болып танылса, облыстың аға жаттықтырушысы, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Хакімжан Елеусінов «Үздік жаттықтырушы» номинациясы иегері атанды.

Бұл – аймағымызда облыстық спорт басқармасы мен тоғызқұмалақ қауымдастығының бірлесіп атқарған жүйелі жұмыстарының, облыстағы барлық білікті бапкерлердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Облыс құрамасының мақсаты – республикада көшбасшылықты сақтап қалу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!