HALYQLINE.KZ Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен онлайн жүйеде каратэ-додан облыс біріншілігі өтті. Ката бағдарламасы бойынша өткізілген жарысқа 10-11 жəне 12-13 жас аралығында 50-ден аса ұлдар мен қыздар қатысты.
Жарыстың мақсаты – карантин кезінде спортшылардың уақытын тиімді өткізіп, спортқа деген ынтасын арттыру.
10-11 жас ұлдар арасында 1-орынды Нұралы Бақытжан жеңіп алса, Хафиз Абдуллаев 2-орынды, Айбар Қажымұқан мен Даниял Маратов 3-орындарды иеленді.
Қыздар арасында Нұрай Самрат облыс чемпионы атанса, Айым Алдаберген – екінші, Инабат Мырзабаева мен Назерке Кенжебай үшінші орындардан көрінді.
12-13 жас ұлдар арасында Дінмұхаммед Исмайлов – алтын, Сұңғат Жəнібек – күміс, Зиявиддин Бахадиров пен Вадим Пак қола жүлделерді еншіледі.
Қыздар арасында Əлия Арыстанбек бірінші орынды жеңіп алса, қалған жүлделі орындарға Мунира Ерболкызы, Гүлжайна Адилова мен Айымжан Нұрғали ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, дипломдар берілді.
Қызылорда облысының
дене шынықтыру жəне спорт басқармасының
баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!