Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қораға кірген» «қасқырлар»

07.10.2020, 18:55 771

HALYQLINE.KZ Маусым басында «Қайсарға» жаңадан қосылған хорватиялық Иван Пешич командадан «қуылған» болатын. Ойыншының «қасқырлар» сапынан кетуінің басты себебі, клуб пандемиядағы дағдарысқа байланысты ойыншылардан жалақы мөлшерін азайтуды сұраған. Келіспеген ойыншылармен келісімшарт үзілген болатын. Ол ойыншылардың алғашқысы дәл осы хорват болды. Өзінің берген сұхбатында хорватиялық легионер ФИФА-ға арызданатынын жеткізген.

Журналист Айдын Қожахметтің телеграм каналында көрсетілген ақпаратына сәйкес ФИФА «Қайсар» футбол клубын Иван Пешичпен еш себепсіз келісімшартты үзгені үшін оған 45 миллион теңге төлеуін міндеттеген. Одан бөлек, қызылордалық клубқа трансферлік санкциялар да салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, дәл осындай желеумен «қасқырлар» сапынан ресейлік қорғаушы Алексей Шумских те кеткен болатын. Тиісінше, ол да ФИФА-ға арызданатынын жеткізген. Сондай-ақ, қызылордалық клубқа шағымданатындардың арасында қақпашы Александр Григоренко да бар. Тәжірибелі қақпашы бас бапкердің шешімімен командадан қуылған еді.

Иван Пешич командадан кеткенін 15 мамыр күні жариялаған болатын. Қазіргі таңда шабуылшы Украинаның «Ворскла» клубында өнер көрсетіп жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: