Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақтың Амангелдісі мен 24.kz Асланы

31.05.2024, 15:20 375

Амангелді Сейітханов – қазақ спорт журналистикасында айқын қолтаңбасын қалдырған азамат. 52 жас қана өмір кешті. Қазаққа әлі берері көп еді. Кейбір журналистер секілді билікті мақтап «креслода» шалқайып, төрде отырмады. Министрдің кеңесшісі де болмады. Бірақ халық оны сыйлады. Спорт журналистикасына аянбай еңбек етті. Билігі барлар оның бағын қызғанып, тасада ұстауға тырысты. Мақсатына жете алмаған Аман ағамыз арманда кетті.

Амангелді Сейітхановты 2000 жылғы Сидней олимпиадасынан кейін телеарнадан көрмей кеттік. Мүмкін, тағы да олимпиадаларға барғанда біраз дүние жазар еді. Одан кейін бес олимпиада өтті: Афина-2004, Пекин-2008, Лондон-2012, Рио-2016, Токио-2020 жж өткен олимпиадаларға бара алмады. Жоғарыдағы билік өкілдері А.Сейітхановты жарыстарға хабар таратуға жіберу керек еді. Бірақ жолын кесті.

Мен өзім сол Аман ағамыздың ізбасарындай көретін Аслан Каженов әріптесімді Францияда өтетін Париж олимпиадасына жіберу үшін ҚР Туризм және спорт министрлігіне ұсыныс айтқым келеді.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Италияда болған лицензиялық жарыстарда бауыры Максим Головкинді қасына ертіп жүрді. Сонда Максимге ақшаны кім төлейді?

Спорт журналисі, сауатты сарапшы Аслан Каженов олимпиада ортасында жүріп ақпарат таратса, халыққа да өтімді болар еді, өзі де кәсіби тұрғыда жетіле түсер еді. Ел азаматтары осы уәжімізді ескерсе дейміз.

Айбек Мұханов,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: