Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық спортшыларға шетелге шығуға тыйым салынды

19.10.2020, 16:15 491

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі, елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қазақстандық спортшыларға шетелге шығуға тыйым салды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

«Әлемде аурудың өршуіне байланысты, шекараны бақылауды күшейту үшін спортшыларға оқу-жаттығу жиындарына және жарыстарға шетелге шығуға тыйым салынды; Украинамен, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Германиямен және Беларусьпен арадағы әуе рейстері қысқарды; халықаралық жүк тасымалын жүргізетіндерді коронавирусқа тексеру енгізілді», – делінген министрлік таратқан мәліметте.

Хабарларға қарағанда, футболдан Қазақстан құрамасы, «Астана» клубының баскетболшылары және «Барыс» хоккей клубы шетелде ойын өткізіп жүр. Соған қарағанда, оларға қатысты басқа шешім қабылданса керек.

18 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 102 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басталғалы бері елде 109 508 адам осы вирусты жұқтырған. Бұған қоса, 35 914 адам «ковид тәріздес пневмония» жұқтырғаны анықталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: