HALYQLINE.KZ Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Аманжолов пен Баходир Жалoлов екеуі жастар арасындағы Өзбекстан чемпионатында кездесіп, Нұрсұлтан нокаутпен жеңіске жеткен видеосы пайда болды.
Бұл туралы Н.Аманжолов бізге естелігін де айттып берді:
Мен Баходир Жалаловпен 2011 жылы Жизақ қаласында Өзбекстан чемпионатында кездескенмін. Мен сол Өзбекстанда тұрғанымда жарысқа қатыстым. Сол кезде Баходирмен жартылай финалда кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңдім.
Негізі, Өзбекстанға баяғыда ата-бабаларымыз ашаршылық кезінде көшіп барған ғой. Кеңес үкіметінің қысымымен жан-жаққа мәжбүрлі түрде тарап кеткен. Біздің аталарымыз – Ақтөбе мен Қызылорданың қазіргі Қазалы ауданы жағынан…
Ол жақта қазақтарды өсірмейді. Өзбектерді жеңсең де жеңісті бермейді. Қазақстанда ағам бар еді. Сол маған: «Елге кел, осы жақта дайындаласың» деп шақырды. Сосын келдім. Қазір Жамбыл облысы Тараз қаласында отбасымызбен тұрамыз. 17 жасымнан бокспен айналыстым. Өзбекстандағы турнирде жеңіске жеттім. Сондай-ақ чемпионаттарында ұттым. Баходирмен бір-ақ рет кездестім. Сол чемпионатта жеңдім. Қазір араласпаймыз.
Айбек Мұханов,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!