Софияда (Болгария) өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі дзюдодан әлем чемпионатында Ернұр Батырғали 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол финалға дейін Молдова, Польша, Болгария спортшыларын жеңіп, жартылай финалда өзбекстандық Дильшод Каримовты, ал шешуші белдесуде тәжікстандық Лоик Кудбудиновты айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір төрт медаль бар:
Ернұр Батырғали (60 кг)
Мұхамедәлі Жылқайдар (66 кг)
Арман Мыса (50 кг)
Ролан Қайырғали (66 кг)
Чемпионат 30 тамызға дейін жалғасады. Биылғы додаға 71 елден 551 спортшы қатысуда.
Айта кетейік, соңғы үш жыл қатарынан біздің жас дзюдошылар әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып келеді. Бұл — Қазақстан дзюдо федерациясының жүйелі жұмысы мен жаттықтырушылар құрамының кәсіби еңбегінің нәтижесі. Жас чемпиондар еліміздің атын халықаралық аренада абыроймен танытып, биік жетістіктер дәстүрін лайықты жалғастыруда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!