HALYQLINE.KZ Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы алғашқы ойында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Талғат Байсуфинов шәкірттері Андрей Карпович бастаған ҚПЛ легионерлері командасымен бақылау кездесуін өткізді. Түркияда өткен кездесу 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.
Бірінші таймда ұлттық құрама мүшелері Асхат Тағыберген (5-минут) мен Оралхан Өміртаев (21-ші) бір-бір голдан соқты.
Екінші таймда легионерлер Кирилл Сидоренконың күшімен соғылған бір допты қайтарып алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!