Германияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу жарысында Қазақстан құрамасының футболшылары Солтүстік Ирландия құрамасынан басым түсті. Есеп – 0:1. Ойындағы жалғыз голды «Астана» командасының шабуылшысы Абат Аймбетов соқты.
Н тобындағы Финляндия Сан-Мариноны 6:0 есебімен ұтса, Словения Даниямен тең ойнады – 1:1.
Қазақстан құрамасы 16 маусымда Сан-Марино құрамасын 3:0 есебімен ұтқан еді.
Турнирлік кесте мынадай:
Ұлттық құрамалар | ойын | ұтыс | тең ойын | жеңіліс | доп айырмасы | ұпай |
Финляндия | 4 | 3 | 0 | 1 | 10-3 | 9 |
Қазақстан | 4 | 3 | 0 | 1 | 8-4 | 9 |
Дания | 4 | 2 | 1 | 1 | 7-5 | 7 |
Словения | 4 | 2 | 1 | 1 | 5-4 | 7 |
Солтүстік Ирландия | 4 | 1 | 0 | 3 | 2-3 | 3 |
Сан-Марино | 4 | 0 | 0 | 4 | 0-13 | 0 |
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!