Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Қазақстан футбол федерациясына жанкүйерлердің іс-әрекеті үшін айыппұл салды, деп хабарлайды федерацияның ресми сайты.
Ұлттар лигасы аясындағы Молдовамен өткен матчта құрамаға жанкүйерлік еткен қазақстандықтардың кейбірі трибунадан заттар лақтырып, алаңға жүгіріп шыққан.
Осы үшін УЕФА тарапы Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде (шамамен 9 млн теңге) айыппұл салған.
«Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сондықтан алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз. Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз», – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!