Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирін өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде.
Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.
«Қазақстан барысы» турнирі еліміздегі ең ірі жобалардың бірі. Оның бас бәйгесін иемденген спортшы 25 млн теңге сыйақы алады.
Жарыс Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Оған әр жылары түрлі демеушілер тартылады. Мысалы, былтыр Самұрық-Қазына акционерлік қоғамы, Спортты қолдау қоры, «Қазақтелеком»АҚ, «Сәтті жұлдыз» АҚ, «Магнум» сауда желісі, «Олимпбет» букмекерлік кеңсесі демеушік жасаған.
Аталған турнирдің өткізілу бюджеті кемі 35 млн теңге шамасында. Негізгі ұйымдастырушысы «Qazaqstan Barysy» қоры. Бұл қордың негізін белгілі кәсіпкер, журналист, қоғам белсендісі Арман Шораев қалаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!