Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақ королі» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

19.12.2025, 17:20 67

HALYQLINE.KZ

Жекпе-жектің нақты уақыты мен орны белгілі, деп жазады penalty.kz.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО)О) IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер болу жолындағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Сұлтан Зауырбек пен австралиялық Лиам Уилсон (17-3, 9 КО) арасында іріктеу жекпе-жегін өткізуді бекіткен болатын. Бұл кездесудің жеңімпазы қазіргі әлем чемпионы – мексикалық Эдуардо Нуньеске (29-1, 27 КО) қарсы титулдық айқасқа міндетті үміткер атанады.

ЖЕКПЕ-ЖЕК  ҚАШАН  және  ҚАЙДА  ӨТЕДІ?

Сұлтан Зауырбектің айтуынша, шешуші іріктеу айқасы 2026 жылдың ақпан айында Австралияда өтеді.

«2026 жылдың ақпан айында IBF титулы бойынша финалдық жекпе-жекке Аустралия елінде жұдырықтасамын. Жеңген боксшы чемпиондық үшін қазіргі белдік иегері мексикалық Эдуардо Нуньеспен қолғап түйістіреді», — деді отандасымыз.

Сұлтан Зауырбек соңғы рет 5 сәуірде Астанада рингке шықты. Ол бұл жекпе-жекте Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін жеңіп алған болатын.

Ғани ТҰРҒЫМБЕКОВ,

сарапшы,  спорт  журналисі

 Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: