HALYQLINE.KZ Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылында жаңа спорт кешенінің іргетасы қаланды.
Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен бірқатар облыстық басқарма басшылары және ауылдың ақсақалдары қатысты.
Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы бой көтеріп жатқан нысанның тұрғындар үшін аса пайдалы екенін айта отырып, салауатты өмір салтына бейімделуге септігін тигізетініне сенім білдірді.
Жасөспірімдер қамы үшін салынып жатқан кешеннің жалпы құны 281 млн теңгені құрайды. Мұнда ауыл балалары спорттың баскетбол, волейбол және кіші футбол түрлерін ойнай алады. Спорттық кешен келісімшарт бойынша келесі жылдың басында аяқталады. Дегенмен мердігер мекеме басшылары құрылыс жұмыстарын екі ай көлемінде бітіріп, ел игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!