«Спорт – достық жаршысы». Жуырда әсем қала Алматыда «Казахфильм» киностудиясынын бас продюсері Тасболат Мерекеновтын 70 жылдыгы құрметіне және Ұлыстың ұлы күніне арналған ардагерлер арасында футболдан ұйымдастырылған турнир осынау қағиданың өміршеңдігін тағы да дәлелдеді.
Аталмыш турнирге Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм», Алматы каласындағы театр ұжымдарының «Театр», Сарқан мен еліміздің өзге өңірлерінде тұратын қазалылықтардан кұралған «Замандастар» және Казалының ардагер футболшылары катысты.
Доп бәсекесі өте тартысты өтті. Жарыс қорытындысында барша қарсылыстарынан басым түсіп, шебер өнер көрсеткен «Қазалы» командасы турнирдің жеңімпазы атанды. Ал ІІ-ІІІ орынды «Қазахфильм» мен «Замандастар» командасы бөлісті.
Алматыдағы осынау дүбірлі доп додасына «Қазалы» командасын №17 спорт мектебінің директоры Қуанған Бакенов пен ардагер спортшы, команда капитаны Толыбай Жүсіпов бастап барды. Сондай-ақ, команда сапындағы Алик Тілеуімбетов, Нұрлан Жанарыстан, Ерлан Кұрманов, Мұратбек Ысқақов, Жеткер Қуанғалиев ерекше шеберлігімен көзге түсті. Жарыс соңында жеңімпаздар мен турнирге қатысушыларга медальдар, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!