HALYQLINE.KZ Атақты «Црвена звезда» клубының түлегі Стефан Денкович жыл соңына дейін қызылордалық «Қайсармен» келісімге келді.
Денкович еуропалық бірнеше клубта өнер көрсеткен. Атап айтсақ, израилдік «Хапоэль Хайфа», сербиялық «Войводина», венгриялық «Пушкаш Академия», черногориялық «Сутьеска», «Бокель», беларустік «Земун», польшалық «Завиша».
29 жастағы шабуылшы соңғы үш маусымда сербиялық «Спартак» Субботицаның намысын қорғаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!