HALYQLINE.KZ Olimpbet – Қазақстан біріншілігінің 6-турында қызылордалық «Қайсар» «Каспиймен» жолығып, 1:0 есебімен жол берді.
«Жас қыран» стадионында өткен кездесу алаң иелерінің шабуылымен басталды. Қызылордалық команда алғашқы таймда сауатты қорғанып, қарымта шабуылға иек артты. Ойынның бірінші жартысында қос команда тартысқа толы ойын көрсеткенімен, қақпа саңылауын таба алмады. Кездесудің екінші бөлігінде ақтаулық ұжым бұрыштамадан есепті ашуға мүмкіндік алды. 65-минутта Стефан Бекорацтың бағыттаған добы қақпаның жібек торынан табылды. Есеп – 1:0.
Мұнан кейін Стойчо бапкердің шәкірттері қанша шабуыл жасағанымен Милошевич қорғаған қақпаны дәл көздей алмады. Осылайша, «қасқырлар» маусымдағы алғашқы жеңілісіне тап болды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!