Жаңа футбол маусымы алдында «Қайсар» футбол клубының ойыншыларын таныстыру рәсімі өтті. Биыл команда құрамында 25 футболшы өнер көрсетсе, оның 15-і “Қайсардың” сапына жаңадан қосылған.
Іс-шара барысында футболшыларға жейде табыстау рәсімі жылдағыдан ерекше болды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов, “Қазақстан барысы” турнирінің 2022 жылғы жеңімпазы Мақсат Исағабылов және ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін жеңімпазы Илья Ильин футболшыларға жаңа жейдені табыстады.
Жиында бас бапкер Виктор Кумыков жаңа маусымда жанкүйерлерді барынша қуантуға тырысатынын жеткізді.
– “Қайсар” футбол клубына қайта тағайындалғаныма қуаныштымын. Команда құрамындағы футболшылармен бірге әрдайым жеңіске ұмтыламыз. Жоғары жауапкершілікті сезінемін, – деді бас бапкер.
Айта кетейік, кезекті ел біріншілігіне Қызылорданың «Қайсары» тыңғылықты дайындалды. Түркияда үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Еуропаның 13 командасымен шеберлік байқасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!