HALYQLINE.KZ Биылғы маусымда қызылордалық «Қайсар» командасы көңіл толмайтын ойын көрсетіп жүр. Бұл мәселе бойынша, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев, «Қайсар» футбол клубының директоры Серік Досманбетов, бас бапкер Сұлтан Әбілдаевтар кішігірім брифинг жасап талқылаған болатын.
БАҚ тарапынан қойылған сауалдарға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов жауап берді. «Ол клубтың бұл маусымда бұлай нашар ойнауына команданың жандануы себеп» деп жауап қатты.
Турнирдің таблицасына көз жүгіртсек «Қайсар» 13 ойын өткізіп, оның 1 жеңіп, 4 ойынын тең өткізіп, 8 ойында жеңілген. Сонымен қатар, 13 гол соғып, 26 рет допты қақпа торынан алған. Соңғы 5 ойында 2 мәрте тең шығып, 3 мәрте жеңіліс тапқан.
Жанкүйерлер тарапынан наразылық тууы таңқаларлық жағдай емес. Жанкүйерлер команданың бас бапкері Сұлтан Әбілдаевты жұмысынан босатуын талап етуде, алайда клубтың басшылары бұл шешімге асығар емес. Егерде команда осынай ойын өрнегін көрсете берсе, онда 1-лигада орын табары сөзсіз.
Соңғы ойынды «Жетісу» командасына қарсы өткізді. Ол ойында «қасқырлар» 2:0 есебімен тізе бүкті. Бұған дейін бұл екі клуб осы уақытқа дейін 47 рет кездескен. Оның 43 ойыны – жоғарғы лигада, ал 4 ойыны – 1-лигада. 1-лигада «Жетісу» 4 ойынның 2-еуін жеңіп шыққан және 2 ойын тең өткізген. «Қасқырлар» қақпасына 7 гол соққан, ал «қасқырлар» тек 1-ақ рет «Жетісу» қақапасынан саңылау тапқан. Ал, жоғарғы лигада 43 кездесу өткізген. Оның 19 ойынында «жетісулықтар» жеңе білген. Ал, «қасқырлар» тек 17 ойында басым болған. Сонымен қатар, 7 мәрте тең түскен. «Жетісу» «Қайсар» қақпасынан 47 мәрте саңылау тапса, «қасқырлар» 41 мәрте гол соққан. Тарихта «Қайсар» «Жетісудан» осалдау екені көрінеді.
«Қасқырлардың» келесі қарсыласы – алматылық «Қайрат» командасы. 3 дүркін Қазақстан чемпионы, 9 дүркін Қазақстан кубогының иегері, 2 мәрте Қазақстан суперкубогының иегері. Сонымен қатар, СССР федерациясының футболдық кубогының иегері. Әлемге танымал УЕФА рейтингінде 180-орында. Осы уақытқа дейін 59 кездесу өткізіп, оның 33-і «Қайрат» еншісіне, ал 11-і «Қайсар» еншісіне жазылған. 15 мәрте тең ойын көрсеткен. «Қайрат» «қасқырлар» қақпасына 96 гол салса, «Қайсар» алматылықтардың қақпасынан 42 мәрте саңылау тапқан. 1993 жылы 23 тамыз күну рекорд қойылған. Ол күні «Қайрат» қасқырларды 8:0 есебімен тас-талқан еткен. Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Қайрат» өз алаңында «Қайсар» командасын қабылдайды. Ол ойында сөзсіз фоварит – алматылықтар. Ол ойында тең ойын көрсетіп, 1 ұпай еңшілесек те жолымыздың болғаны.
Расында, Сұлтан Әбілдаев расында бұндай жұмысқа дайын емес секілді көрінеді. Команданың алдыңғы жылдарға қарағанда ессіз көрінуіне де осы себепкер болып көрінеді.
Осы жылы «Қайсар» сапынан ұлттық құрамға тек 26 жасар жартылай қорғаушы Тимур Рудосельскии шақыру алған. Оның өзі қосалқы құрамға. Бұл «команданы алға сүйреп жүрер лидері жоқ» дегенді білдіретіндей.
Әйткенмен, алда әлі 13 тур бар. Қалған ойындарда нағыз «қасқырларға» лайықты ойын көрсетіп, 1-лигаға түсіп қалудан арылады деген ойдамыз.
Дамир СЕЙЛХАНОВ,
Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!