Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсардың» бапкері орнынан кетеді

10.11.2020, 15:00 576

Қазақстан чемпионаты аяқталысымен-ақ, «Қайсардың» болгарлық бапкері орнынан кететін болады. Бұл жайында бапкердің өзі мәлімдеді.

– Бұл жыл менің «Қайсардағы» соңғы жылым. Бұл шешімімді клуб басшылығына бірнеше апта бұрын ескертіп қойғанмын. Сонымен қоса, біздің бапкерлердің штаб құрамындағы Қанат Шерімбетовті менің орныма бас бапкер етіп тағайындауын ұсындым. Ол Қызылордада еңбек етіп жүргеніне көп болды. Қырымбек Көшербаев бастап кеткен үлкен жобаны одан ары алып кету оның қолынан келеді. Басшылық Қанат Шерімбетовтың жұмысына қолайлы жағдай тудырады деген үміттемін,- деді бас бапкер Стойчо Младенов.

Айта кететін жайт, Стойчо Младенов «Қайсар» футбол клубының бас бапкері болып 2017 жылы тағайындалған болатын. «Қасқырлар» Стойчомен бірге Қазақстан кубогін жеңіп алып, тарихында алғашқы рет Еуропа лигасына жолдама алған болатын. Сонымен қатар, Стойчо Младенов өткен маусымда Қазақстан премьер лигасының ең үздік бапкері атанды.

Prosports.kz сайтының мәлімдеуінше, Стойчо пандемияға дейін айына 20 миллион теңге жалақы алып отырған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: