«Қайсар» футбол орталығы ауылдағы таланттарды тасада қалдырмас үшін Арал қаласына барып, Сырдария, Байқоңыр, Қазалы, аудандарының балғын футболшыларын бақылап, іріктеу өткізді. 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өзара жолдастық кездесу өткізіп, бапкерлер орталыққа қажетті футболшыларды таңдап алды.
– «Қайсар» футбол орталығының әрбір тобы облысымыздың намысын қорғайтын болғандықтан біз аймақтан да футболшыларды іріктеуден өткізіп жатырмыз. Талантты футболшылар ауылдан да шығады. Сондықтан біз іссапарымызды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз, – деді орталықтың жаттықтырушысы Бекежан Жаңатаев.
Айта кетейік, бапкерлер қосыны алдағы уақытта Шиелі және Жаңақорған аудандарында іріктеу өткізеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!