Қызылордалық клуб маусымаралық кезеңде құрамнан кеткен ойыншылардың тізімін жаңартып, жеті футболшымен қоштасқанын мәлімдеді, деп жазады penalty.kz.
КІМДЕР КЕТТІ?
Клубтан ресми түрде төмендегі футболшылар кетті:
- қақпашы Александр Мокин;
- қорғаушылар Никита Губарев және Қарам Сұлтанов;
- жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан;
- шабуылшылар Айбар Жақсылықов, Ерсұлтан Төреқұл және Марлен Айманов.
ЕҢ ҮЛКЕН ШЫҒЫН – АЙБАР ЖАҚСЫЛЫҚОВ
«Қайсар» үшін ең маңызды жоғалту ретінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Айбар Жақсылықов аталды. Өткен ҚПЛ маусымында ол:
- 8 гол соқты,
- 2 нәтижелі пас берді.
Жақсылықовтың жаңа командасы — семейлік «Елімай» атанды.
Ал жуырда Қазақстанның жастар құрамасында ойнаған Никита Губарев енді петропавлдық «Қызылжардың» ойыншысы ретінде таныстырылды.
Маусымаралықта «Қайсар» тек ойыншылармен емес, бапкерлік штабпен де өзгеріс жасады. Виктор Кумыковтың орнына қазақстандық бапкер Андрей Ферапонтов келді.
Сонымен қатар қызылордалық клубтың жаңа иесі анықталды. Бұдан былай «Қайсарға» Исламғали Қозбақов иелік етеді.
Сұлтан ДАНИЯР,
сарапшы, спорт журналисі
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!