Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар арена» стадионы УЕФА лицензиясынан өтпеді ме

16.01.2026, 11:20 26

HALYQLINE.KZ

Футбол стадионы әзірге халықаралық кездесулерді қабылдай алмайды, деп жазады inbusiness.kz.

Қызылордада былтыр қарашада ашылған жаңа стадион УЕФА лицензиясын алмаған.

Бұған қатысты Tengrinews.kz порталы Туризм және спорт министрлігіне арнайы сауал жолдаған.

«2025 жылдың қазан айында ашылған, 11 мың көрерменге арналған Қызылордадағы жаңа көпфункционалды «Қайсар Арена» кешенінің қазіргі уақытта УЕФА-ның халықаралық санаты жоқ. Осыған байланысты УЕФА уәкілетті тұлғаларының халықаралық санат алу үшін «Қайсар Арена» стадионына инспекция жүргізуі 2026 жылдың сәуір айына жоспарланған. Инспекция нәтижесі бойынша стадионға УЕФА-ның III санатынан төмен емес дәреже беріледі деп күтеміз», — деп жазылған министрлік жауабында.

УЕФА санаты тек стадионға ғана емес, орналасқан қалаға да байланысты.

Оның ішінде мынадай міндетті шарттар бар:

  1. Халықаралық әуежай;
  2. Тұрақты халықаралық рейстер;
  3. Командалар мен ресми тұлғаларға арналған бірнеше бес жұлдызды қонақүй;
  4. Заманауи оқу-жаттығу базалары мен алаңдары.

Айта кетейік, 11 мың жанкүйерге арналған аренаның құрылысына 21 миллиард теңге жұмсалды. Жаңа спорт кешенінде футболдан бөлек бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары қарастырылған.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: