HALYQLINE.KZ Көгалдағы хоккейден жəне индорхоккейден облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин бастаған команда екі ай карантиннен кейін жаттығу залына оралды.

Жаттықтырушының айтуынша, «Қайсар» ойын түрлері бойынша спорт клубының спортшылары тамыз айында Талдықорғанда көгалдағы хоккейден өтетін ҚР кубогы мен чемпионатына, желтоқсан айында индорхоккейден өтетін ел чемпионатының 3, 4-турларына дайындық жүргізуде.

Сондай-ақ, көгалдағы хоккейден биылғы жылдың мамыр айында Әндіжанда жоспарланған Орталық Азия кубогы келесі жылы өткізілетін болды. Сыр спортшылары келесі жылы осы кубокқа, Əлем жəне Ресей федерациясының чемпионаттарына қатысады. Айта кетейік, команда – көгалдағы хоккейден 10 дүркін, индорхоккейден 5 дүркін Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!