Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайраттың» жұлдызы клубтан кететін болды

21.10.2025, 11:30 124

HALYQLINE.KZ

Грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зария маусым аяқталған соң «Қайраттан» кетеді, деп жазады penalty.kz.

28 жастағы футболшының алматылық клубпен келісімі жыл соңына дейін есептелген және екі тарап келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдаған. Зария «Қайратқа» 2024 жылғы маусым басталар алдында қосылып, екі жыл ішінде команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды. Ол ҚПЛ-2024 маусымының үздік жартылай қорғаушысы атанып, алматылық ұжымға ел чемпионаты мен 2025 жылы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға көмектесті.

Биылғы маусымда Зария «Қайратпен» бірге УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп жатыр және қазір командамен бірге премьер-лигадағы чемпиондық атаққа таласуда. Біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда алматылықтар «Астанадан» 2 ұпайға алда келеді. Шешуші ойын 26 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Ал бүгін, 21 қазан күні, «Қайрат» Чемпиондар лигасының аясында өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубын қабылдайды.

Мағжан  УРУОВ,

сарапшы,  спорт  журналисі

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: