Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайрат» — «Интер»: есеп – 1:2

06.11.2025, 8:45 139

HALYQLINE.KZ

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі төртінші турда Қазақстанның «Қайрат» клубы сырт алаңда Италияның «Интерімен» кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді.

44-минутта Лаутаро Мартинес есеп ашып, «Интерді» алға шығарды. 

56-минутта «Қайрат» ойыншысы Офри Арад бұрыштамадан көтерілген допты баспен дәл бағыттап, таразы басын теңестірді.

Алайда 67-минутта Карлос Аугустоның алыстан бағыттаған соққысы Темірлан Анарбеков қорғаған қақпадан табылып, жеңіс «Интерге» бұйырды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: