Биыл Францияның астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарына қазақ елінің дзюдошылары да қатысады. Ең қызығы, 60 кг салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев және Елдос Сметов бар. Бірақ олимпидаға еліміздің атынан бір дзюдошы қатысады. Кім барып-қатысса да елге медаль алып келуі керек.
Осы салмақта (60 кг) он екі жылда Елдос Сметов – Рио және Токио олимпиада ойындарында жүлде алып берді. Бірі – күміс, екіншісі – қола медаль екен. Биыл Сметов – 31 жаста. Әлемдік рейтингте Сметов – 35 орында, Мағжан Шамшадин – 12, Нұрқанат Серікбаев 19 орында екен.
Жалпы, қазақ дзюдошылары жазғы олимпиада ойындарында 2 күміс, 1 қола медаль алған. Биыл Париж олимпиадасына Шамшадин мен Серікбаев және Сметовтің қайсысы баруға лайық?
Айбек Мұханов,
журналист
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!