Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Париж-2024: Алғашқы әлемдік рекорд тіркелді!

25.07.2024, 17:45 247

Фото: newsis.com

Садақ атудан өткен іріктеуде кореялық Си Хён Лим Париждегі Олимпиадада алғашқы рекордты жаңартты. Ол 72 рет атып, 694 ұпай жинады. Осылайша жаңа рекорд тіркелді.

Бұған дейінгі рекорд Кан Че Ёнға (ол да – кореялық) тиесілі болатын. Ол 2019 жылы 692 ұпай жинаған.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ертең Сена өзенінде өтеді.

Қазақстаннан Олимпиадаға 80 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: