HALYQLINE.KZ «Top Rank» промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум боксшы Мэнни Пакьяодың өз елінің президент сайлауына түсетінін растады.
Арумның айтуынша, аты аңызға айналған боксшы 2022 жылы Филиппин елінің президенттігіне үміткер болады.
«Менің ойымша, боксшылардың арасынан шыққан бірінші президент Пакьяо болады. Мен оған қоңырау шалдым, ол маған: «Боб, мен 2022 жылы сайлауға қатысам. Жеңіске жетсем, сіздің инаугурацияға қатысқаныңызды қалаймын», – деді Арум.
Айта кетейік, жақында 41 жастағы Пакьяодың 2022 жылы президент сайлауына түсетіні жайлы ақпарат тараған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!