Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олимпиаданы тоғыз жыл күткен боксшы Асланбек Шымбергенов биыл Парижге барады

31.05.2024, 11:00 380

2013 жылы бокстан Атырауда өткен Ел біріншілігінде Асланбек Шымбергенов 64 келі бақ сынап екінші орын алды. Содан кейін ол ұлттық құрамаға алынып шетелдегі сайыстарда ел мерейін асқақтатты.

2014 жылы Таразда өткен республикалық чемпионатта жеңімпаз атанды.

2016 жылы Рио олимпиадасына қарағандылық Абылайхан Жүсіпов қатысты. Олимпиадаға бармаса да, А.Шымбергенов бокстан кетпеді. Қайта ол олимпиадаға қалайда қатысамын деп өзіне жоспар қояды.

2017 жылы Талдықорғанда өткен республикалық чемпионатта алтын медаль ұтып, екінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

2018 жылы Индонезияның Жакартада өткен жазғы Азия ойындарында күміс, төрт жылдан кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында үшінші орын алды. 2022 жылы Азия чемпионатында 71 келіге ауысып алтын медаль ұтты. Бұл – оның карьерасындағы алғашқы алтыны еді.

2020 жылы Токио олимпиадасына бара алмай елде қалып, «кәсіпқойға кетсем бе?» деген ой келеді. Бірақ жеке жаттықтырушысы Ермек Ертаевпен ақылдасып, әуесқойда қалып әлем чемпионатына және олимпиадаға қатысайық деп жоспар құрады.

Кезінде Абылайхан Жүсіповті құрамада сүйреп жүрді. Гамбург-2017, Екатеринбург-2019, Белград-2021 өткен үш бірдей әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов үш мәрте қола медаль алды. Қатысқан ӘЧ А.Жүсіпов қоладан аса алмады. Жүсіпов Рио-2016, Токио-2020 олимпиадаға қатысып жүлде ала алмай қалды. Жүсіпов кейін кәсіпқойға ауысты.

Бокстан Ұлттық құрама жаттықтырушылары Асланбекке сеніп, оны капитан қылып сайлайды. Бір кездері Жүсіповтың көлеңкесінде қалып жүрген Шымбергенов енді құрамада бірінші нөмірлі спортшы болады.

2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 71 келі салмақта А.Шымбергенов жеңімпаз атанады. Финалда өзбек өкілі Сайджамшит Жафаровты айқын басымдықпен жеңді.

Биыл Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирінде Париж олимпиадасының жолдамасын алады. Ол өзінің тоғыз жыл күткен олимпиадасына баратынына, арманының орандалатынына сенді. Сол мақсатына жетті. Енді Парижден жеңуді ғана ойлауы керек.

Біз Шымбергеновке сенеміз. Франция астанасында көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатуын тілейміз.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: