Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олимпиадаға жолдама алған спортшыға автокөлік сыйға берілді

14.06.2024, 14:50 193

Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру жайы талқыланған, алдағы мақсат-міндеттерді белгілеуге арналған облыстық ассамблеяның XXVІ сессиясы өтті.

Іс-шарада аймақ басшысы грек-рим күресінен Париж олимпиадасына жолдама алған Айдос Сұлтанғалиді жеңіс жолындағы жетістігімен құттықтады.

Еске салсақ, үш дүркін Азия чемпионы, үш дүркін Әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали жуырда Бішкек қаласында өткен лицензиялық турнирде ел мерейін үстем етті.

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы спортшыға жерлестерінің атынан автокөлік кілтін табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: