Ер адам болсын, әйел адам болсын кез келген жағдайға дайын тұруы керек. Зорлық-зомбылық көрсеткіші көбейген заманда әйел баласы өзін қорғап, сақтық шараларын жасауы керек-ақ. Ал ер адамдарға талап мүлде бөлек. Қандай да бір жекпе-жек түрін меңгеріп алып, менмендікке салынып, көкірек керу емес мақсат, керісінше жаныңдағыларға қорған болу, көшедегі алаяқтар немесе басбұзарлардан сақтанып, сабасына түсіру. Сол себепті жалпы әлемдік спорт түрлері арасынан қорғанысқа лайық деп танылған 5 спорт түрін оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік.
Бокс
Классикалық бокс – классикалық бокс – жекпе-жек түрлері арасындағы әлемдегі ең танымал түрлері арасындағы әлемдегі ең танымал спорт. Бокспен айналысатын адам ұру спорт. Бокспен айналысатын адам ұру техникасымен етене таныс болады. Сондай-техникасымен етене таныс болады. Сондай-ақ қимыл-қозғалысқа қарай адамның ақ қимыл-қозғалысқа қарай адамның физиологиясын да жетік меңгере отырып, физиологиясын да жетік меңгере отырып, қай уақытта қай жерге соққы жасау қай уақытта қай жерге соққы жасау керектігін меңгереді. Бокстың біршама керектігін меңгереді. Бокстың біршама адам тиіскен жағдайда пайдасы мол. Яғни, адам тиіскен жағдайда пайдасы мол. Яғни, әуесқой боксшы болсын, кәсіпқой әуесқой боксшы болсын, кәсіпқой боксшы болсын бір соққымен боксшы болсын бір соққымен бір адамды құлатуға бір адамды құлатуға қауқары бар. қауқары бар.
Муай-тай, Кикбоксинг
Егер ұру техникасы мен тебу техникасын терең меңгергіңіз келсе, кикбоксинг пен муай-таймен айналысыңыз. Себебі, бұл екі жекпе-жек түрінде қолмен де, аяқпен де жұмыс істеуге болады. Боксты көп адамға қарсы идеал спорт түрі ретінде қарастырсақ, кикбоскинг пен муай-тайдың мүмкіндігі одан да жоғарырақ. Сәйкесінше, тек жұдырықпен ғана ұрып қоймай, шынтақпен және тіземен де соққы жасайсың. Тай боксшысы аяқтан тепкеннің өзінде қарсыласын сұлатып түсіре алады.
Еркін күрес
Көп адам «бұл спорт түрінде ұру техникасы жоқ қой, көшеде не керегі бар?» деген пікір айтуы мүмкін. Бірақ мына нәрсені ескеру керек. Күреспен айналысатын адам еркін немесе грек-рим күресінің жаттығуларының қаншалықты қиын екенін біледі. Теледидардан байқасаңыздар да кез келген балуан құдды грек аңыздарындағы жауынгерлер немесе гладиаторлар секілді. Ұрып-соғу кез келген адамның қолынан келеді, алайда күресіп білу кім көрінгенге бұйырмайтын нәрсе. Бір жағынан күреспен айналысатындардың жаттығуы қаншалықты қиын болса, соққылары да соншалықты ауыр. Мұны ММА-да атой салып жүрген кезінде еркін күреспен айналысқан жігіттер дәлелдеп жүр.
Дзюдо/Самбо
Неліктен дзюдо? Дзюдо – ежелгі жапон жекпе-жек өнері. Дзюдодағы басты мақсат – адамды жамбасқа сұлатып түсіру немесе қылғындыру әдісіне салу. Аталған спорт түрі адамды жылдамдыққа және шыдамдылыққа үйретеді. Дзюдоның көмегімен қарсыласты жығып, артынша тез ауырту әдісіне салуға болады. Бір өкініштісі, дзюдоны екі немесе одан көп адамға қарсы қолданудың мәні жоқ. Бірақ бір адамға қарсы көп көмегін тигізеді.
ММА
Бұл тұста ешкімде сұрақ болмайды деген ойдамын. ММА – соңғы уақыттары кең ауқым алған, әлемдегі бүкіл жекпе-жек өнерін қамтитын спорт түрі. Кейбірі ММА-ді спорт санатына жатқызбайды, бірақ панкратион, унифайт, миксфайт секілді атаулармен ММА-ден әлемдік, құрлықтық және республикалық біріншіліктер тіп, үздіктер анықталып отырады. Елімізде аталған спорт түрі қарқынды дамып келеді. Оған UFC лигасында нер крсетіп, титулға таласта жүрген отандасымыз Шавкат Рахмонов дәлел. Ал ММА артықшылығы – әмбебаптылығында. ММА мен айналыса отырып, боксшыны күреске салып, грэпплерді теуіп құлатып, қарсыласың мүлде күтпеген нәрсені жасауға болады
ТҮЙІН. Біз бұл мақаламызбен біреуге зиян тигізуді дәріптеп отырған жоқпыз. Басты мақсат – қорғана білу, әзіретті Алла «сақтансаң, сақтаймын» демей ме!? Қауіп қатердің алдын алып, қарсыласқа қорғану мақсатында сес крсеткен жақсы.
А.ЖАЙШЫЛЫҚ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!