HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуін өткізіп жатыр. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары сөз болды. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтті.
Өткен жылы бюджет есебінен 8 жаңа спорт нысаны салынды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 60 секциялы 5 жоба жүзеге асырылды. Арал ауданы Жақсықылыш кентінде 1 жобаның құрылысы жалғасуда.
Биыл Қызылорда қаласының сол жағалауында көгалдағы хоккей және Тасбөгет кенті мен Ақай, III Интернационал ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылыстарын бастаймыз.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2020 жыл – «Еріктілер жылы» болып жарияланды.
Республикада алғашқылардың бірі болып облысымызда «Сыр еріктілерінің штабы» құрылды. Еріктілер тұрмысы төмен отбасылар мен жалғыз басты қарт адамдарға 11 тұрғын үй салып берді.
Індет кезінде 9 мыңға жуық мұқтаж отбасыға көмек көрсетіп, 5 мыңнан аса жанұяға мектеп құрал-жабдықтарын алып берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!