Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Naman ata» спорт кешеніндегі барлық дәріс тегін өтеді

09.12.2021, 17:15 383

HALYQLINE.KZ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай 800 балаға арналған «Naman ata» спорт кешені ашылды. Мұнда қазақ күресі, дзюдо, самбо, таекводо, бокс, грек-рим күресі, каратэ секілді 8 спорт түрі бар. Барлық үйірмелер тегін. Жаңа спорт кешенінде кәсіби дәрежедегі 14 жаттықтырушы қызмет атқарады. Спорт кешенінің жұмысын және алдағы жоспарын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында меценат Мұрат Сәрсенбаев БАҚ өкілдеріне айтып берді.

– Күні кеше қаламызда «Naman ata» спорт кешенінің ашылу салтанатына сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Спорт кешенінің ашудағы басты мақсатымыз – Сыр елінің жастарын салауатты өмір салтына шақырып, өңірімізде спорт саласын дамытуға атсалысу. Айта кетейін, барлық спорт түрлеріне бес жастан бастап тегін жазылуға болады,- деді Мұрат Абайұлы.

– Мен таекводаға 12 жыл қатарынан қатысып келемін. Қазіргі таңда 100-ге жуық балаға өзім білетін тактикаларым бойынша таеквододан жаттықтырудамын. Балаларды жетістікке жеткізу үшін ынта мен еңбек керек. Үзбей жаттығып тұрса міндетті түрде жетістікке жетеді. Мен үшін жаттықтырушы болудың өзі үлкен жауапкершілік, – деді Нұрай Маратқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: