HALYQLINE.KZ Қазалыда мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен 2002-2004 жылы туған жастар арасындағы бірнеше күнге созылған ХV халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күнінде балуандар жұбаныш белдесулерін өткізіп, 5 салмақ бойынша ақтық сында күш сынасты. Боз кілемде бағы мен бабы қатар шапқан балуандар жеңіс тұғырына көтеріліп, қошеметке бөленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев, Қазалы және Арал аудандарының құрметті азаматы АйтбайКөшербай, облыстық мәслихат депутаттары ІбайдуллаТілеп, Нұрболат Ибраев, турнирдің бас төрешісі Ғабиден Райымбек, ардагер спортшылар Дәстен Айбосынов, Нұрлыбек Есбосынов марапаттады. Сонымен қатар, турнирде көрермен көзайымына айналған балуандарға да арнайы жүлделер табыс етілді.
Турнирдің жабылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдіріп, Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев турнирдің жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан барша азаматтар мен балуандарға ризашылығын жеткізді.
Байрақты бәсекеде еліміздің 14 өңірінен 200-ге тарта спортшы бағын сынады.
Жұмабек Табынбаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!