HALYQLINE.KZ Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси альбиселесте әлем чемпионатында Сауд Арабиясынан жеңіліп қалғаннан кейін ұлы жылағанын айтты.
Аргентина әлем чемпионатының алғашқы матчында араб футболшыларынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған.
Мессидің ұлы 7 жастағы Матео осы ойыннан кейін көзіне жас алған.
«Бірінші ойыннан кейін Матео стадионнан жылап кетті. Тьяго егер қалған екі ойында жеңсек, плэй-оффқа шығатынымызды түсіндірді», – деді Месси.
Аргентина құрамасы 2-турда Мексиканы 2:0 есебімен жеңген. Ал шешуші турда Аргентина Польшамен кездеседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!