Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Канадада өткен беделді Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінде топ жарған елордалық Astana Team балалар хоккей командасын құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смәдіяров хабарлады.
Президент өз құттықтауында қазақстандық жас хоккейшілердің тарихи жеңісіне айрықша тоқталып, бұл табыстың отандық спорт шежіресінде маңызды белес болғанын атап өтті. Мемлекет басшысы халықаралық додада жарқын ойын өрнегін көрсеткен команданың жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген жігерін ерекше бағалаған.
Әсіресе, тартысты финалда хоккейдің отаны саналатын Канада құрамасын тізе бүктіруі қазақстандық жас спортшылардың шеберлігі мен қайсар мінезінің айқын дәлелі екені айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға өз күшіне сенімді болуды, жаттығуда табандылық танытуды және алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыруды тіледі.
Фото: KazTAG
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!