Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінің ең басты додасы XIV республикалық «Qazaqstan Barysy – 2025» турнирі өз мәресіне жетті. Бұл – ұлттық рухтың, ерліктің және намыстың мерекесіне айналған күн.
Биыл боз кілемге еліміздің түкпір-түкпірінен 43 ең мықты балуан шықты. Олардың қатарында 17 облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үздіктері, былтырғы чемпион Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ «Әскер Барысы» турнирінің екі жеңімпазы болды.
Қазақ күресінде «Найман» лақап атымен танылған «Әскер Барысының» жеңімпазы Марат Байқамұров биылғы «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің алтын белбеуі иегері атанды. 106 келі салмақта күрескен спортшы алтын «Тайтұяқ» пен 15 миллион теңге көлеміндегі жүлдені жеңіп алды. Салтанатты марапатты ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!