Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Марафонды ең ұзақ жүгірген спортшы

04.06.2020, 17:10 971

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ Жапондық Сидзо Канакури 1912 жылғы Олимпиадада марафон қашықтығын жүгіруге 54 жыл, 8 ай, 6 күн, 5 сағат, 32 минут жұмсаған!

Сидзо жапон тілінен аударғанда «43» деген санды білдіреді. Сондықтан да оның өмірі марафон (42 шақырым 195 метр) қашықтығымен тікелей байланысты.

1911 жылы Жапонияда Олимпиадаға іріктеу кезеңінде Сидзо Канакури марафонды 2:35:42 уақытта жүгіріп өтеді. Ал, сол сәттегі әлемдік рекорд 2 сағат, 40 минут болғандықтан, жапон газеттері оқиғаны әлемге жар салады. Алайда бұл қашықтық 42 шақырымға сәл жетпегендіктен, бұл оқиғаны әлемдік рекорд ретінде ешкім мойындай қоймады.

1912 жылы жапон спортшысы Швециядағы Олимпиадада өзінің рекордын дәлелдегісі келіп, 3 аптада Стокгольмге жетеді.

Бірақ 1-орынға басты үміткер Сидзо жарыс барысында Еуропаның ыстығына шыдамай, жолай орналасқан үйден су ішпекші болады. Дегенмен, үйге жеткенде ыстықтан қалжыраған Сидзо шаршап, ұйықтап кетеді. Үй иесі де оны оятпай, 1 күн өткен соң, шығарып салады. Бір қызығы, жарыс ұйымдастырушылары да жапон спортшысын іздемеген. Сонымен, Сидзо ескертусіз Жапонияға қайтып кетеді.

Тек 1967 жылы швед журналистері бұл оқиғаны еске түсіріп, 76 жастағы Сидзо Канакуриге (6 баласы бар) марафонды аяқтауға ұсыныс тастайды. Ол бірден келіседі. Осылайша, Сидзо қалған 10 шақырымдай жолды жүгіріп, 1912 жылғы Олимпиаданың марафонына нүкте қойды!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: