Мәскеуде 17-20 қыркүйек аралығында «Әлем Кубогы» өтті. Сайысқа әлемнің 500-ден аса таңдаулы каратэшілері қатысты. Еліміздің намысын қорғаған спортшылардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, 67 кг салмақта Бақдәулет Кубаш, 75 кг салмақта Дамир Камал және Фархад Жарылқасын бар. Тартысты додада студенттеріміз жеңіс тұғырынан көрініп, 1-орын иеленді. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Әрине жеңіске жету оңайға түспеді. Бұл қаншама еңбектің, төккен тердің нәтижесі. Дегенмен бізге мұнымен тоқтауға болмайды. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Соған жету үшін жаттығуымызды тоқтатпай, әрі қарай дайындалатын боламыз. Бұл жеңісімізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймыз», – деді Дамир Камал.
Айта кетейік, университетте 9 Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, 27 – Азия чемпионатының, 120 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері бар. Спортшыларымыз Қазақстан Республикасының намысын қорғап, ұлттық құрама команда сапасында жаттығады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!